Қоғам

Былтыр қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 693 млрд теңге төленген

2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге төленген. Бұл туралы бейінді министрліктің сайтында жазылды. Қазақстанда мүгедектігі бойынша МӘЖ алатын адам саны – 552,3 мың, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушы саны 193,9 мың адамды құрайды. Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған төлемдер 6,5 %-ға өсті.

Жалпы аурудан мүгедектігі бойынша төленетін МӘЖ мөлшері:

1-топ үшін – 101 702 теңге

2-топ үшін – 81 362 теңге

3-топ үшін 55 474 теңге

Әлеуметтік төлем көлемі:

еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша – 60 407 теңге

асыраушысынан айырылу бойынша – 64 772 теңге.

 

Данаш Хамза