Мәдениет

Ұлы Жеңіске – 80 жыл

Жеңісті жақындатуға 1 млн-нан астам қазақстандық қатысты. Майданға солтүстік өңірден 70 мыңнан астам адам аттанған. Солардың бірі – жерлесіміз Ескендір Даутов. Ол Петропавлға Татарстаннан көшіп келген екен. Осы жерде біліп алып, жұмыс істеп жүрген кезінде әскерге шақыртылған. Есімі берілген колледжде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шара өтті.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Ұл-қыздарға біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты осы колледждің не себепті Ескендір Дауытов атында аталатындығын айтып өтуіміз керек. Ескендір Даутов осы кәсіптік-техникалық училищеде оқып, кейін мастер болып, соғысқа алынған.

Ескендір Даутов қызмет атқарған 16 гвардиялық атты әскер дивизиясы жауды қуа отырып, 43-ші жылы Днепрге жеткен. Ол майданда пулеметші болған екен. 44-ші жылы ұрыс даласында қаза табады. 95 жылдық тарихы бар колледжге есімі берілген тұлғаның соғысқа қатысқанын жастардың бірі білсе, бірі білмейді. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин жеңістің оңайлықпен келмегенін жастарға жиі айтып отыру керек дейді.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Ұл-қыздарға біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын және кәсіптік-техникалық училищенің жұмысшылары кезінде ерекше батырлық танытқаны туралы ұғындырғымыз келеді.

СОФИЯ КИЧАНОВА, И.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенті:

– Ата-бабамыз сұрапыл соғыста бейбіт өмір үшін қаза тапты. Соғыстың салдары орасан болды. Қаншама әйел ерінен айырылды, қаншама бала жетім қалды. Олар ауыр еңбекке тартылды. Ұрпақ бұл ерлікті ұмытпауы тиіс.

Аға буын өкілдері жастармен жүздесулерін жалғастырады. Келесі шара Ленинград қоршауының бұзылғанына арналады.

 

Мәдина Қаби