“ҚазАвтоЖол” кәсіпорны жолдарды тазалау мен өңдеуден басқа, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қар ұстау жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде ұзындығы 6200 метр қардан қорғайтын қалқандар орнатылды, 1300 шақырым траншея қазылып, 37 шақырым қорғаныш қабырғасы орнатылған.
ТАЛҒАТ РАИСОВ, “ҚАЖсервис” ЖШС СҚОФ директоры:
– Республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Жол, жол жиегін тазарту жұмыстарын жүргіземіз, содан кейін автопавильон, демалыс алаңдарын тазартамыз және де қар тоқтату жұмыстарын жүргіземіз.
Мәдина Қаби