Мандат

Еркебұлан Мәмбетов: Үкіметтен келген Су кодексі жобасының 70 пайызы жаңартылды

The YouTube ID of vuFESsCievo?si=aSp1ZZIt41vzT34z is invalid.

Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетовтің айтуынша, Үкіметтен Су кодексінің жобасы сапасыз күйде келген. Оның 70 пайызы жаңартылыпты. Жеке өзі 25 ұсыныс білдірген екен. 16-сы қабылданып, 5-еуі әлі қарастырылып жатқан көрінеді. Заң жобасы 2 айдың ішінде Сенаттың 2-ші оқылымына тапсырылуы тиіс.
Еркебұлан Нұрмағамбетұлы өңірге жұмыс сапарын “Мандат” бағдарламасында қорытындылады. Депутат Ойқалада салынып жатқан бөгеттің сапасын бағамдаған, жақын маңдағы бірнеше ауданды аралап, азаматтарды қабылдаған. Сондай-ақ, өзі жолдаған депутаттық сауалдардың нәтижелілігіне тоқталды.