Құқық қорғау органдары

Такси жүргізушілері тексерілді

– Здравствуйте, БПП, старший лейтенант Сыздыков. На сегодняшний день проходит ОПМ «Перевозчик» по всей республике.

Жолаушылардың қауіпсіздігі – полицияның басты назарында. Облыс аумағында қаңтардың 14-і мен 16-сы аралығында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктер мен таксилерді тексерді. Үш күнде 222 құқық бұзушылық, оның ішінде 34 заңсыз тасымалдаушы анықталды. Сондай-ақ, 8 адам такси қызметін көрсету мақсатында қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

– Вы таксуете? – А, нет, я родственников жду. Здесь проезд только для такси и автобусов. – Хе-хе. – Водительское покажите.

Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасына қатысты – 18 және көлік құралдарын техникалық байқаудан өтпей пайдаланудың дәл осынша бұзушылығы анықталды. Бұл – тасымалдаушылар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар. Рейдтік іс-шара барысында Қызылжар ауданында мас такси жүргізушісі анықталды.

САЯТ ДҮЙСЕНБИН, қалалық ПБ ППБ взводының командирі:

– “Тасымалдаушы” республикалық-жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп сақтау және көлік тәртібін арттыру.

Сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың және маневр жасау ережелерінің – 38, жолаушы тасымалдау талаптарының 54 бұзушылығы анықталды (көбінесе жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаған.

– Давайте, счастливого пути. Будьте внимательны на дороге, соблюдайте скоростной режим.

 

Данаш Хамза