МӘДИНА ҚАБИ, тілші:
– Қазір біз “Петропавл-Жезқазған” трассасында тұрмыз. Қазір жол бойында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы, қала бойынша жұмысқа 27 техника мен 50 шақты адам жұмылдырылған.
Ал қазір облыс бойынша 97 техника мен 167 адам жұмыс істеуде. Кешеден бері өңірде қар жауып, жер ақ ұлпаға орануда. Бұл жолда жүрген көліктердің жүруіне қиындық тудыратыны айтпаса да түсінікті. “Қазавтожол” мамандары қазір Петропавлдан шығатын барлық 6 бағыт бойынша қар тазазалау жұмыстарына кірісіп кеткен.
ТАЛҒАТ РАИСОВ, “ҚАЖсервис” ЖШС СҚОФ директоры:
– Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Қазір бізде қар тазалайтын 144 бірлік техника мен 316 адам бар.
Одан бөлек мамандар көктайғақ болған кезде жолға құм-тұз себеді. Олар қыс басталмай тұрып 6 мың текше метр арнайы материал дайындаған. Қазір оның 40 пайызы себілді. Қалғаны қоймада тұр. Қыстың соңына дейін жетеді дейді мамандар. Тағы да айта кеткен жөн, облыс орталығынан шығатын 2 бағытқа хабарлама тақталары ілінген. Сол арқылы жолдың жағдайы мен ауа райын білуге болады.
ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, “Қазавтожол” ҰК” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
– Біз биыл 2 хабарландыру тақтасын қойған едік. Олар Петропавл-Жезқазған тасжолы және Челябі-Новосібір жолына қойдық.
Жол сапасын жүрген біледі. Осыған байланысты көлік жүргізушілерімен де тілдесіп көрдік.
– Жол жақсы, тайғанақ емес. Қар жауса болды, жол тазалайтындар тез арада тазалап шығады. Жұмыстарына ризамыз.
– Мен Көкшетау қаласына бара жатырмын. Жол жақсы, ең бастысы көктайғақ емес. Жол тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Мәдина Қаби