Міне, интеллектуалдық ойынға қатысып жатқан жастарға осы сынды сұрақтар қойылды. Көбіне әрине ең үлкен қоқыс төгетін орынды табу қиынға соқты. Оның жауабы – Қытай мемлекетіндегі Гуанчжоу қоқыс тастайтын жері. Оған бір күнде 8 мың тонна қоқыс келіп төгіледі екен.
ХАДИША КЕЛДІБЕК, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:
– Осындай шараға мен бірінші рет қатысып отырмын. Алдағы уақатта да белсенді қатысуға тырысамын.
Жалпы, бүгін 2 құрама өзара мықтыны анықтамақ. Әр команда 7-8 адамнан құралған. Ойын 4 кезеңнен тұрады.
ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
– Біздің мақсатымыз – жастарды тазалыққа үйрету. Осы салада мәдениет қалыптастыру. Интеллектуалдық ойын жастар үшін өте қызықты, олар белсене қатысады.
Бұл – еріктілердің жыл басталғалы өткізіп отырған бірінші танымдық ойыны. Алдағы уақытта бұдан да қызықты шаралар қатары көбеймек.
Мәдина Қаби