Құқық қорғау органдары

Полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы автошеру ұйымдастырды

– Получается, пришло смс. Какое наиболее распространённое смс в вацапе рассылают мошенники? – Займи деньги! В этом случае что нужно делать? – Позвонить тому человеку, от которого поступило смс!

Полиция қызметкері қойған сұрақ та өзекті, көлік жүргізушісінің берген жауабы да дұрыс. Аққайың ауданында алаяқтыққа қарсы акция өтті. Сұрақ-жауап ретінде ұйымдастырылған шараның мақсаты –
азаматтарға интернет-алаяқтықтың белгісін, қудың қулығын түсіндіру.

– Соседи, друзья, кто-то вас просит подвезти. Кто-то работает в сфере оказания услуг: такси, доставка и т.д. И именно хотели бы достучаться до вас, чтобы вы в процессе своей деятельности разъясняли людям первые признаки, на которые нельзя попадаться, чтобы люди не попадались.

Өткен жылы өңірде қулардың тұзағына түскендердің саны аз болған жоқ. Барлығы – 600-ден аса факті тіркелген. Ең ірісі ақшаны “инвестиция” ретінде салып, одан пайда тапқысы келген әйел адамға қатысты. Өңір тұрғыны біреудің жалған сөзіне сеніп, 30 млн теңгесінен айырылған. Кибералаяқтық – қазіргі уақытта ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі. Қулардың қитұрқы әрекеттері одан әрі артып барады. Қазір олар банк немесе құқық қорғау органының қызметкері ғана емес, ұялы байланыс операторы, энергия желілерінің, Қазпошта маманы болып та хабарласады.

– Мотивируют тем, что не нужно платить деньги, и вы попадаете на бесплатный счётчик, вам могут установить и заменить его бесплатно. Для этого нужно продиктовать смс-код – после чего по старой схеме оформляют на вас кредит.

«Тоқта, алаяқ!». Шараға қатысушыларға осындай жазу жазылған жапсырма мен жаднамадан таратылды.
Кейін барлығы бірге аудан орталығының көшелерімен жүріп өтті. Автошеру барысында дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік шаралары айтылды.

 

Данаш Хамза