Спорт

Балалардың қайда жаттығу жасайтыны белгілі болды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері түстен кейін маңызды хабарландыру жасады. Тың ақпарды ата-аналар қауымы түртіп алуы тиіс. Бұған дейін “Жастар” стадионы аумағындағы манежде жаттыққан балалар енді шаһардың 2 бірдей спорт мектебінде шеберлік шыңдайды. Бейінді басқарма қызметкерлері жаттығу сабақтарының кестесін жасап қойған.

НИНА УСЕНКО, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы:

– «Қызылжар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 420 бала тәлім алады. Олар футбол, және шөптегі хоккей үйірмелеріне жазылған. Енді жас спортшылар Петропавлдағы «Олимп» пен «Жеңіс» мектебінде жаттықпақ. Арнайы кесте жасалды. Ол ата-аналарға жолданады. Сонымен қатар, әкімшілік “Қарасай” стадионы маңында орналасқан Қазбек Байболов атындағы спорт мектебіне көшіріледі.

 

Байболат Құлтанов