Экологтар қаладағы 2-ші жылу электр орталығының санитарлық-қорғаныш аймағы шекарасындағы атмосфералық ауаны тексерді. Аталған аумаққа арнайы сынақ зертханасының мамандары барған. Олар бұл шараны ірі кәсіпорындар эмиссияларының мониторингі аясында ұйымдастырған. Нәтижесі белгілі. Мониторинг қорытындысы бойынша ауадағы ластаушы заттардың нақты концентрациясы шекті рұқсат етілген көрсеткіштен аспапты. Тіпті, шаң да жоқ.
Мониторинг қорытындысы:
CO – 0,82 мг/м3, ШРК – 5,0 мг/м3
SO2 – 0,02 мг/м3, ШРК – 0,5 мг/м3
NO2 – 0,006 мг/м3, ШРК – 0,2 мг/м3
NO – 0,004 мг/м3, ШРК – 0,4 мг/м3
Шаң – 0 мг/м3, ШРК – 0,3 мг/м3
Данаш Хамза