МТРА жаңалықтары

Сергеев қоймасындағы су төгіліп жатыр

Тарихта бұрын-соңды тіркелмеген құбылыс! Осы күндері Шал ақын ауданында орналасқан Сергеев қоймасындағы су ернеуінен асып, төгіліп жатыр. Әдетте қыс мезгілінде тораптағы тіршілік көзі 50-70 см-ге дейін төмендейді. Желтоқсанға қарай оның беті қатып, көктемге дейін өзгеріссіз тұрады. Ал биыл мүлде басқа жағдай байқалады. Қазір табиғи құбылыс жер-жерде талқылануда. Былтырғы апатты ұмыта қоймаған кейбір жандар тасқыннан қауіптенеді.

АНАТОЛИЙ ГРИДНЕВ, “Сергеев су қоймасы” ӨА жетекші инженері:

– Бүгінде ернеуден асқан судың деңгейі 7 см құрайды. Ал тораптың толу көрсеткіші 701,4 млн текше метрді құрап, 101% жетті. Яғни, қойма толып тұр. Біз қол қусырып отырған жоқпыз. Су жиналатын тұсты тереңдетіп жатырмыз. Бұны алдағы көктемде қайталануы мүмкін тасқынға дайындық деп түсіну қажет.

 

Байболат Құлтанов