– Я 2 раза в день обычно убираюсь. – Тут несколько месяцев не убирались, вы о чём говорите? У вас там, получается, в той комнате, я не знаю, вот диван, да, на диване такие пятна, пол весь грязный, запах ужасный.
Кешкілік рейдпен жүрген мамандар Береке шағын ауданында жаға ұстатарлық жайтқа тап болды. Мынадай ұсқынсыз жағдайда 2 мен 11 жас аралығындағы 5 қыз тұрады. Олардың шешелерінің аузы арақтан құрғамайды. 40 жастағы келіншек бұған дейін кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ, бұл әдетінен әлі күнге дейін арылмапты. Енді ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ерлі-зайыпты ажырасқан.
– Там дети все болеют, температура. Надо будет сейчас их отвезём в больницу, а её надо освидетельствовать, она пивка выпила.
Балалардың ересектеріне суық тиген, үйлерінде оларды емдейтін дәрі де жоқ. Балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды. Өткен жылы Петропавлда маскүнемдікке салынған 26 адам ата-ана құқығынан айырылса, тағы 17 адамның ата-аналық құқығы шектелген. Тәртіп сақшылары бір кеште 12 отбасыны тексерді. Кезекті іс-шараға қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның және прокуратура өкілдері де қатысты. Бұрын балалардың құқықтары бұзылған мекенжайлар назарға алынды. Полиция есебінде болған ата-аналардың көпшілігі бұрынғы әрекеттерінен сабақ алған.
– Ну, вы такая прям посвежели, прям вам так идёт… В те моменты, когда мы с вами встречались… – Да, да, да – Это было в 23 году… Поэтому я за вас рада, конечно, ну, теперь вы, давайте, себя и … держите в руках.
Данаш Хамза