Облыс орталығында жерлесіміз, өңірде акробатика спортының негізін қалаған Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған акробатикадан және батуттан секіру спортынан халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыс дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылып тұрады. Бұл – осымен 11-ші сайыс.
Жерлесіміз Лидия Жигалова жанындағы қос қызбен жарысқа бір ай дайындалған. Олар халықаралық додаға әлі қатысып көрмепті. Біз үшін осы сайысқа қатысу зор мәртебе дейді спортшылар.
ЛИДИЯ ЖИГАЛОВА, турнирге қатысушы, Петропавл қаласы:
– Мен өзім акробатикамен 9 жыл айланысып келемін. Жасым 14-те. Ал жанымдағы екі қызбен бірге өнер көрсетіп жүргеніме екі жыл болды. Осы аралықта біраз жарысқа қатыстық.
Бәсі биік дода үш күн бойы өтеді. Осы аралықта 300-ге жуық спортшы батуттан секіру және шағын трамптан секіру, акробатикалық жолақ пен акробатикалық кілемде жаттығулар орындап, өзара мықтыны анықтайды. Оған 20 жасқа дейінгі барлық спортшылар қатыса алады. Биыл біріншілік 3 елден келген спортшының басын біріктірді.
АМАНГЕЛДІ АДЪЯТУЛИН, облыстық акробатика бойынша арнайы мамандандырылған БЖСМ басшысының орынбасары:
– Келген мемлекеттер: Қырғызстан, Ресей және өзіміздің қазақстандықтар қатысып жатыр. Турнирге келіп, қатысып жатқан барша споршыға рахметімді білдірімін.
Жалпы, сайысқа 13 қаладан қатысушылар келген.
Мәдина Қаби