ТЖ

Жарты ғасыр бұрын салынған №4 өрт сөндіру бөлімінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр

Жұмысшы кентіндегі 4-ші өрт сөндіру бөлімінде ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

БОЛАТ ӘБІШЕВ, қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Біз құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін өтініш тастадық. Кейін барлығын жоғарыдағы басшылар қарастырды. Рұқсат бергеннен кейін жұмысты бастадық.

Соңғы рет күрделі жаңалау мұнда 14 жыл бұрын атқарылған. Мекеменің өзі жарты ғасыр бұрын салынған.

БОЛАТ ӘБІШЕВ, қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Көліктер тұратын гараждың ішін жаңартып, қабырғаларын сырлап, граниттен жасалған кафель орнатқыздық. Биіктігі – 185 см. Гараждың ішінде машина жуады, сол кезде былғанбасын деп жасадық. Былғанса да жууға қазір оңай.

Жоспарланған жұмыстың 80 пайыздан астамы тындырылған. Ағымдағы жөндеуге мемлекеттен 3 млн теңгеден астам қаржы бағытталыпты. Жөндеу жұмысы жазда да жалғасын табады.

БОЛАТ ӘБІШЕВ, қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Жаз кезінде кіреберістергі қоршауды ауыстырамыз. Кейін пешті ауыстыру да жоспарда бар.

№4 өрт сөндіру бөлімінде барлығы – 40-қа жуық маман жұмыс істейді. Кадр тапшылығы бар. Қатарға көлік жүргізушілері жетіспейді.

 

Мәдина Қаби