ТЖ

Тағы да Айыртау ауданында: төрт адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

Бүгін таңертең Саумалкөлде бүтін бір отбасы пештен шыққан иістен уланып қалды. Улану салдарынан 4 адам зардап шекті: 1950-ші және 73-ші жылы туған екі әйел, 70-ші жылғы ер адам мен 14 жас шамасындағы бала. Зардап шеккен отбасы мүшелері аудандық ауруханаға жеткізілді. Ер адам өзінің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, ауруханаға жатудан бас тартқан. Қалған үшеуінің жағдайы тұрақты. Иіс тиюдің себебі: пештің мұржасы толып қалып, түтін үй ішіне таралған. Еске сала кетейік, кеше Айыртау ауданында тағы бір оқыс оқиға тіркелген болатын. Лобаново ауылында жер үй жанып, газ баллоны жарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Данаш Хамза