Облыстық полиция департаментінде ведомствоның 2024 жылғы жұмысына талдау жүргізілді. Жедел кеңес ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың қатысуымен өтті. Жыл қорытындысы бойынша қылмыстарды жалпы тіркеу 7%-ға төмендеп, 3343 фактіні құрады. Сондай-ақ, 2023 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстарды ашу деңгейі 65,5%-ға дейін жақсарды. Адам өлтіру, қарақшылық және тонау (30%-дан 40%-ға дейін) айтарлықтай азайған. Интернет-алаяқтық 1,7%-ға кеміген.
АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Ағымдағы жылы қылмыс санының азаюын ескере отырып, келешекте ашылуы мүмкін істер бойынша іс-шаралар жоспары құрылды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жөніндегі жедел-тергеу тобының құрамы жаңартылды, жиі кездесетін қылмыс түрлері бойынша профилактикалық жұмыс күшейтілді.
Барлық проблемалық мәселелер бойынша профилактикалық шаралар қабылдануда. Мәселен, денсаулыққа ауыр зиян келтіруге жүргізілген талдау (73-тен 87 фактіге дейін) бұл қылмыстарды негізінен есепте тұрған тұлғалар мен мас күйдегі адамдар жасайтындығын көрсеткен. Осыған байланысты полицейлер есепте тұрған тұлғалар арасындағы жұмысты жандандырып, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Бауыржан Әленов СҚО бойынша жедел жағдай тұрақты екенін атап өтіп, полиция қызметтеріне бірқатар нақты тапсырма берді.
БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ, ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
– Есірткі бизнесімен күрес – мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аумақтық департаментімен, кеден органдарымен бірлесіп, прекурсорлар мен құрылығыларды енгізуді анықтаудың алгоритмін қолға алыңыздар. Есірткі сайттарын бұғаттау бойынша жұмысты жандандырыңыздар, профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды қайта қарастырыңыздар.
Өткен жылы өңір полицейлері заңсыз айналымнан 770 келі түрлі есірткі тәркілеген. Оның ішінде 8 келісі – синтетикалық түрі. Бір есірткі зертханасының көзі жойылды. Көкшетау, Астана және Алматы қалаларынан синтетикалық есірткі жеткізудің 8 арнасының жолы кесілді.
Данаш Хамза