Қаңтардың 11-і – халықаралық “Рахмет” күні. Бұл күні жастар ресурстық орталығы мен қоғамдық даму және ақпарат орталығының белсенділері жанға жылулық сыйлайтын арнайы акция ұйымдастырды.
ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:
– 11 қаңтар БҰҰ-ның және Юнесконың шешімімен Алғыс айту күні деп бекітілген болатын. Біздің Қазақстанда ол 1-ші наурыз – Алғыс айту күні мерекеленгенімен бүгін біз халықты бір қуанту мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз.
Көшеде тоқтатылған адам себетте қанша мандарин бар екенін айтуы керек. Егер адам жауаптан жаңылса,
жақындары мен жолдастарына алғысын білдіреді. Ризашылығына жауап ретінде сыйлыққа ие болады.
Белсенділер жанға жылу, жүзге нұр сыйлайтын шараны тұрақты түрде ұйымдастырмақшы.
Данаш Хамза