Кеше кешке Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында жер үй отқа оранды. Баспанадан басталған өрт қора-қопсыға ауысқан. От қауіпсіздік ережесін сақтамай салынған пештен шыққан. Өрт сөндірушілер жеткенше бір газ баллоны жарылған. Тілсіз жау 135 шаршы метр жерді шарпыды. Оның 70-тен астамы – үйдің аумағы. Мамандар іштен әлі жарылып үлгермеген 2 газ баллонын алып шыққан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сағат 6 кезінде басталған өрт шамамен 40 минуттың ішінде оқшауландырылып, 9-дан 8 минут кеткенде толығымен сөндірілді.
Данаш Хамза