Жаңа жыл келісімен полицейлер профилактикалық жұмыстарына қайта кірісті. Мамандар Жұмысшы кентінде болды. Мұнда №5 учаскелік полиция пункті орналасқан. Тәртіп сақшылары шағын ауданда бұрын сотталған – 25, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 23, маскүнемдікке салынған – 20 адам және 4 отбасылық жанжалқой мен есепте тұрған өзге де тұлғаларды тексерді.
– Как поживаете? Ничего, нормально. Скажите, пожалуйста, вот эта бабушка живёт здесь ещё? – Конечно. – Нормально там, помощь не нужна ей? – Да нет, она сегодня приходила, в принципе, нормально.
Полицейлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды да назардан тыс қалдырмады. Әңгімелесу барысында учаскелік инспектор тұрғынға өзінің визиткасын қалдырып кетеді. Құқықтық көмек қажет болған жағдайда азамат тәртіп сақшысына емін-еркін хабарласа алады.
– Меня зовут Аубакиров Альжан. – По-моему, вы оставляли. – Да, я визитку оставлял. Вы, вот, кто вам помогает, ему оставьте, отдайте визитку, чтобы он мне звонил, если что.
Жұмысшы кентінде жүргізілген рейд барысында қоғамдық жерде мас күйде жүрген 5 адам, абаттандыру ережесін бұзған 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы – түрлі 63 құқық бұзушылық анықталды.
Данаш Хамза