Бүгін Петропавлда Ұлттық ұланның құрылған күніне орай “Жаһандық трансформация контексіндегі ғылым және білім” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Яғни, әскери докторанттар, профессорлар, оқытушылар, магистранттар мен аспиранттар ғылыми жоба немесе мақала қорғады. Мақсат Ахметов – жергілікті әскери академияның 2-ші курс магистранты. Ол педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды.
МАҚСАТ АХМЕТОВ, ҚР ҰҰ әскери академиясының магистранты:
– Негізгі мәселе – білім саласында негізгі технологияларды, иновацияны енгізу. Материалдарды кітапханадан және интернет желісінен алдым.
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен жілігін шағып, майын ішкен мамандар жиналды. Тіпті, басқа өңірден келе алмаған азаматтар ZOOM арқылы байланысқа шықты. Профессорлар қорғалған мақалалар мен жобаларға қорытынды жасап, бағамдама берді.
АРХАТ ТӘТТІМБЕОВ, ҚР ҰҰ әскери академиясы моральдық-психологиялық қамтамасыз ету циклінің бастығы:
– Конференцияның негізгі мақсаты – әскери ғылымды дамыту, әскери өмірдегі әртүрлі мәселелерді талқылау.
Конференция соңында үздік мақала мен жоба авторлары анықталып, сертификаттар табысталды.