Қарты бар ел – қазыналы ел. Өңірде екі бірдей ауданда “Таза бейсенбі” акциясы өтті. Оның аясында белсенді тұрғындар мен аманаттықтар бірлесіп, зейнеткерлердің үйлерінің ауласын қардан тазартты. Уәлиханов ауданында 100 шаршы метр аумақтың ақ ұлпасын шығарса, жамбылдықтар 50 шаршы метр жер тазалаған. Белсенді жандар аға буын өкілдеріне көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, қоғамда қайырымдылық шараларының маңыздылығын арттыруға үлестерін қосуда.
Мәдина Қаби