Облыста қалайы кен орны игеріле бастады. Бұл туралы LS агенттігі өңірлік әкімдікке сілтей отырып хабарлады.
2019-2024 жылдары инвестор жобаға 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Жобаның жалпы құны 150 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта инфрақұрылым объектілерін құру үшін құжаттар бекітілді. Бұдан басқа, тау-кен металлургия комбинатының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қоршаған ортаға эмиссия үшін оң мемлекеттік экологиялық қорытынды алынған. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 11 мың тонна қалайы концентратын құрайды. 600 жұмыс орны құрылады. Келесі жылы вахталық кент, жанар-жағармай және жарылғыш заттар зертханасы мен қоймаларын салуды бастау жоспарлануда. Нысан 2028 жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс.
Данаш Хамза