Берекелі астықтың кепілі – сапалы тұқым мен тыңайтқыш қана емес, сондай-ақ, топырақтың құнарлы әрі құрамындағы ылғалдың жеткілікті болуы. Осы орайда солтүстікқазақстандық диқандар далада қар тоқтату жұмыстарына кірісіп кетті. Қыста түскен ылғалды тиімді пайдалану мақсатында қазір түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр. Егін егілетін аумақтарда
қарды ұстап қалатын құрылымдар қойылып, қардан үйінділер жасалуда. Бұның бәрі қардың сол жерде шоғырлануына әсер етіп, кейін көктемде қардың баяу еріп, топыраққа жақсы сіңуіне ықпал етеді. Облыста 3 млн гектардан астам жерде қар тоқтату жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Аталған шаралар наурыз айына дейін жалғасады.
Данаш Хамза