Құқық қорғау органдары

Көзіне пышақ кірген баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды

Петропавлда көзінен жарақат алған баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды. Осы уақытқа дейін анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілген болатын. Енді денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, өткен айда 3 жасар бүлдіршіннің көзіне пышақ кіріп кеткен еді. Анасы сол сәтте баланың көзінен өткір затты суырып алып шыққан, ал бала талып қалған. Кейін бүлдіршін ауыр халде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Сол уақыттан бері кішкентай науқас есін жия алар емес. “Жағдайы әлі күнге дейін ауыр дейді”,- мамандар.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

– Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Оның шеңберінде істің мән-жайын жан-жақты қарастырудамыз.

 

Мәдина Қаби