– Испытание для всей нашей страны, и мы победили благодаря сплочённости нашего народа.
2024-те болған алапат тасқынды қазақстандықтар бірлік пен ерліктің нәтижесінде жеңді. Бұл туралы жас ұрпақтың қатысуымен өткен Ерлік сабағында айтылды. Тасқынмен күресте күні-түні тер төккен полиция қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Облыста 19 тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталса, соның төртеуі аталған награданы өткен жылы алған. Ақыл Байтеңізов – учаскелік инспектордың көмекшісі. 28 жастағы маман жаппай эвакуация кезінде қарт ерлі-зайыптыны құтқаруға көмектескен.
АҚЫЛ БАЙТЕҢІЗОВ, учаскелік инспектордың көмекшісі:
– Сәуірдің 12-сі күні сағат түнгі 23:00-де Прирежное ауылындағы Шаймергенов көшесіне су кіре бастады. Біз дереу тұрғындарды эвакуациялауға кірістік. Адамдарды құтқарып болғаннан кейін 15-20 минут өткен соң бүкіл көше судың астында қалды.
Су тасқынымен күресте бес баланың анасы полиция майоры Әдемау Меңдібаева да алдыңғы шепте болған.
– С утра, с 7 часов до позднего времени, до 10, мы были там.
Тасқынмен күресте аянбай тер төккен полицейлер туралы деректер полиция департаментінің музей қорына қосылды.
Данаш Хамза