Спорт

Петропавлда конькимен жүгіруден облыс кубогі өтті

«Қарасай» стадионында конькимен жүгіруден облыстық чемпионат өтті. Жарысқа Петропавл мен аудандардан жиылған 70-ке жуық жасөспірім қатысып жатыр. Қатысушы команда саны – 5-еу.

НИКОЛАЙ ЗУБОРЕВ, «Жеңіс» БЖСМ конькимен жүгіру спортынан оқытушысы:

– Жас спортшылардың арасында 4 петропавлдық команда бар. Тағы біреуі Ғ.Мүсірепов ауданынан келіп отыр. Облыс кубогі ересек, орта және кіші жастағы балалар арасында өтіп жатыр. Конькимен жүгіру спорты өңірде қарқынды дамып келеді. Бүгінгі қатысушылардан аталған спортқа деген қызығушылықтың зор екенін ұғынуға болады.

Альдаир Әлжанов жасына қарамастан тәжірибелі спортшы болып саналады. Конькимен жүгірумен 6 жылға жуық айналысады. Басты арманы – Олимпиада ойындарына қатысу.

АЛЬДАИР ӘЛЖАНОВ, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Мен үлгі тұтатын спортшылар баршылық. Олимпиада ойындарына қатысқан солтүстікқазақстандық қыздар Кристина мен Алина Шумековалар кезінде “Қарасай” стадионында жаттыққан. Мен де осы спортпен тұрақты түрде айналысып, келешекте белгілі бір жетістікке жеткім келеді.

Жарысқа қатысушылар конькимен 500 метр қашықтықты бағындырды.

 

Данаш Хамза