Жаңа жыл бастау алды. Өткенді қорытындылап, алға жоспар құратын кез. Бүгін өңірдегі Мәдениет үйлерінің мамандары 2024-те атқарған жұмыстарын қорытындылады.
САНДУҒАШ ЖОЛАМАНОВА, облыстық халық шығармашылығы және мәдениет-бос уақыт қызметі орталығы директорының орынбасары:
– Соның ішінде клуб мекеме мүшелерінің жыл бойы жасаған жұмыстары. Өткізген мәдени іс-шараларын, оған қанша, қандай көрермендер келгені жайлы баяндама жасайтын болады.
Ғ.Мүсірепов ауданында мұндай 30 мәдени ошақ бар екен. Олардың әрқайсысында 10-ға жуық үйірме жұмыс істеп тұр. Үйірмелерде мыңнан астам адам шығармашылықпен айналысады.
ГҮЛЖАЗ ҚҰЛМАНОВА, Ғ.Мүсірепов аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:
– Аудандық мәдениет үйінде 10 шығармашылық халықтық атағына ие болған ұжым бар. Сол ұжымдардың ішінде “Ақ ниетті” әжелер тобы бар. Мен сол топқа жетекшілік етемін.
Ғ.Мүсірепов аудандық Мәдениет үйінің құрылғанына 40 жылдан асқан. Мұнда 10-нан астам маман жұмыс істейді. Үйірмелерге 100-ге жуық бала қатысады.
ГҮЛЖАЗ ҚҰЛМАНОВА, Ғ.Мүсірепов аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:
– Үйірмелерден домбыра, театр, вокал, би бар. Біздің бишілеріміз өткен жылы халықаралық сайыста 1-ші, 2-ші, 3-ші орындарды иеленіп қайтты.
Аталған аудан өнерпаздары өткен жылы Мәдениет үйлерінің байқауына қатысып, жүлдегер ретінде 2 млн теңге ұтып алған. Сол қаржыға сахналық костюм тіктіріп, қалғанын ауылдық мәдени ошақтарды қырлап-сырлауға жұмсаған.
Мәдина Қаби