Қоғам

Қаңтар айына арналған ауа райы

Қыстың дәл ортасында күн жылып, қардың еріп жатқаны бәріне таңғаларлық жайт болды. Бұл ерекше құбылыстың неден болып жатқаны жайлы Қазгидромет мамандарынан сұрап көрдік. Олардың айтуынша, облыс аумағына циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етуде. Сол себепті, қар еріп, жер езілуде. Яғни, бұл ауа райы бірінші онкүндікте жалғасын табады. Арасында қар да жауады. Тіпті, күн жылып, сынап бағанасы 0-ге дейін көтеріледі.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, күндіз 1-6 градус аяз болжанады. Содан кейін ауа температурасы түнде 15-20 градус аяздан 10-15 градус аязға дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте де ауа райы тұрақсыз болмақ. Жоғары деген температура -5 болса, ең төмені -20 градус шамасында тіркеледі. Қар жауып, бұрқасын болады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында, кей жерлерде нормадан көп болады деп күтілуде.

Енді тарихи дерекпен бөлісейік. Сонау 40-шы жылдың 13-ші қаңтарында өңірде сынап бағанасы -44,3 градус аязды көрсеткен, ал 48-ші жылдың 1-ші қаңтарында +4,5 градус жылы болған екен.

 

Мәдина Қаби