СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жол өтпесінің құрылысымен танысты

Петропавлда жаңа жол өтпесінің құрылысы жалғасып жатыр. Теміржол арқылы өтетін Универсал көшесі бойындағы нысан болашақта Жұмысшы кентіндегі көлік ағынын азайтуға мүмкіндік бермек. Атқарылған шаруамен және жоспармен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы барып танысты.

РУСТЕМ ТУРЖАНОВ, “Бука” ЖШС директоры:

– Су бұру науалары мен темір құбырлар орнатылды. Сыртқы байланыс, жарық және электр желілерін тарттық. Қатынауға арналған плиталар қойылып жатыр. Төменде қиыршық тастармен нығайту жұмысы да қолға алынған. Ақшаны игеруде мәселе жоқ. Қаржы тиісті бағыттарда жұмсалуда.

Жалпы, 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталатын жаңа жол өтпесі – маңызды жобалардың бірі. Биыл құрылыс алаңында ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс. Бұл ретте өңір жетекшісі жауаптылардың назарын өзіне аударды. Ғауез Нұрмұхамбетов сапаны үнемі қаперде ұстап, кестеден қалмауды қатаң түрде тапсырды.