Мәдениет

Қуыршақ театрының жаңажылдық ертеңгіліктеріне 10 күнде 1500-ден астам бала келген

Облыстық қуыршақ театрының ұжымы биыл кішкентай көрермендерін жаңажылдық ерекше ертеңгілікпен қуантты. Театр труппасы күніне 2-3 мәрте мерекелік шара өткізген. Өнер ордасында желтоқсанның 23-інен бастап режиссерлер Алексей Васильев пен Ольга Васильева қойған “Новогодний бац” атты қойылым көрсетіліп жатыр. Туындыны тамашалауға қала мен ауылдан 1500-ден астам бала келген. Оның 500-ге жуығы әлеуметік осал топ пен көпбалалы отбасылардан шыққан. Бұл балалар қойылымды тегін тамашалады. Бүгінге дейін 30 рет ұсынылған сахналық туынды қаңтардың 7-сіне дейін жалғасын табады.

АНАР ҚАНАПИНА, облыстық қуыршақ театры директорының орынбасары:

– Біз жыл сайын көрермендерді қуантуға дайынбыз. Жыл сайын қойылымдарды әртүрлі жанрда дайындауға тырысамыз. Көбіне қазіргі заманға сай қылып қойып жатырмыз.