Алуан түсті отшашу жарқылдағанда жаңажылдық көңіл күйді одан бетер көтеріп, ерекше әсер сыйлайды. Бұл оны дұрыс қолданған жағдайда. Ал ереже ескерілмеді ме соңы соқпақты болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер базарды аралап, әуелі отшашу сатып жатқан саудагерлермен әңгімелесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Мамандар саудагерлерге пиротехникалық затты сертификатсыз және жасөспірімге сатуға болмайтындығын айтты.
АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Тұрғындарға айтарымыз, отшашуды қолданған кезде қатаң түрде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Біріншіден, жарамдылық мерзімі өткен дүниені сатып алмаңыздар. Міндетті түрде сыртындағы жазбаға назар аударыңыз. Сонымен қатар, отшашуды ашық алаңқайда жаққан дұрыс. Оны міндетті түрде қарға қадап, аспанға қаратып ату қажет.
Мәдина Қаби