Қоғам

ХҚКО мен МХҚКО қаңтар айында қалай жұмыс істейді?

Халыққа қызмет көрсету және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Жаңа жыл мерекесіне орай қаңтардың 1-і мен 3-і аралығында жұмыс істемейді. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады. Азаматтарды қабылдау сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі. Қаңтардың 5-і мен 6-сы күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. 7 қаңтар күні православиелік Рождество мерекесі аталып өтілетіндіктен бұл күн де аталған орталықтар үшін демалыс болып саналады.