Қоғам

“Береке” ықшам ауданында мерекелік концерт өтті

“Береке” ықшам ауданында мерекелік концерт өтті. “Жаңа жылды бірге қарсы алайық” деп аталған шарада петропавлдық әнші-бишілер сахнаға шығып, кештің көркін келтірді. Думан әртүрлі жастағы адамдарды жиды. Алаңға кішкентай балаларымен келген жандар да болды. Олардың барлығы қосыла ән шырқады, бірлесе биледі. Өз кезегінде қалалық Мәдениет үйінің өкілдері өңір халқын мерекемен құттықтады.

ДАНА БЕКТАСОВА, қалалық Мәдениет үйінің әдіскері:

– “Береке” ықшам ауданының тұрғындары белсенді, жақсы көңіл-күймен біздің концерттерге қатысады. Өзімнің атымнан, қалалық Мәдениет үйінің атынан баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

 

Байболат Құлтанов