Құқық қорғау органдары

Жаңа жыл түнінде 200-ден астам полиция қызметкері кезекшілік атқарады

Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов құқықтық тәртіпті сақтау бойынша кезекшілікке түсетін полицияның кешенді күштерінің гарнизондық сап түзеуін өткізді. Оған учаскелік инспекторлар, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ, әскери қызметшілер мен жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері қатысты. Адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау күшейтіледі. Жалпы, бұл түні облыс бойынша полицияның жеке құрамының 30%-ы жұмыс орындарында болады. Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің сыртқы киім киісін, арнаулы құралдары мен құжаттарын тексеріп, саптық байқау өткізді. Сондай-ақ, ол қызметкерлерге алдағы мереке күндері қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуды тапсырды.

 

Данаш Хамза