Құқық қорғау органдары

СҚО-да полицейлер такси жүргізушілерін тексерді

Облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауына бағытталған «Заңсыз келуші-таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Жолаушы тасымалдаушылар іс-шара кезінде полиция назарында болды. Нәтижесінде 11 заңсыз тасымалдаушы анықталды, оның ішінде жақын шет елдердің бірінің 21 жастағы азаматы бар. Бұдан бөлек, полицейлер жолаушыларды міндетті сақтандырусыз тасымалдаумен айналысқан 17 жүргізушіні анықтады. Тағы 24 адам техникалық тексеруден өтпеген көлікпен жолаушы тасымалдаған, ал 6 адамның көлік жүргізу құқығы болмаған.

 

Данаш Хамза