Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанда халықаралық университеттердің филиалдарын ашу жөніндегі жұмыстарға түсініктеме берді.
“Шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, ең алдымен, жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының стратегиялық көрсеткіштерін және халықаралық академиялық рейтингтерді іске асыруға бағытталатын болады. Шетелдік студенттердің үлесін ұлғайту, перспективалы жастардың шетелге кетуін азайту, инновациялық, білім беру және ғылыми жобалардың үлесін ұлғайту мақсатында Министрлік бірқатар кешенді шаралар қабылдауда. Мәселен, Орталық Азияның жоғары білім беру кеңістігін құру және әлемдік деңгейдегі жетекші университеттердің филиалдарын ашу көзделген.
Сондықтан ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі білім беру хабын құру бойынша маңызды жұмыс атқарды, әлемнің барлық негізгі өңірлері мен академиялық шеберлік орталықтарын қамтитын”, – делінген ҚР
Ғылым және жоғары білім министрлігінің жауабында қазіргі уақытта жоғары білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық 45 үкіметаралық және ведомствоаралық халықаралық келісімдер шеңберінде жүзеге асырылуда. Қазақстанның жоғары оқу орындары 6 073 халықаралық келісімдер мен шарттар негізінде 82 елдің университеттерімен ынтымақтастықты жалғастыруда.