Тұрақты түрде ақша жинап келген! Облыс прокурорлары камелетке толмағандар арасында қорқытып алу фактілерін анықтады. Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің 3-ші курс студенті білім ұясына қыркүйекте қабылданған балаларға зәбір көрсетіп, ақшаларын алып отырған. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақжар аудандык полиция бөлімінің өкілдерімен ұсталған жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетерлігі, тәртіпсіздікті оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарламаған. Осы үшін директор мен өзге де тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Байболат Құлтанов