Денсаулық сақтау

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы: СҚО-да биыл 38 нысан салынды

Елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде өңірлерде 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 115 медициналық пункт пайда болды.
Солтүстік Қазақстан облысы биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылардың қатарына еніп отыр. Өңірде барлығы – 38 нысан салынған. Жалпы, ұлттық жоба аясында ел бойынша 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу және 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.

 

Данаш Хамза