Құқық қорғау органдары

Жаңа жыл алдында жастарға қауіпсіздік ережелері айтылды

Полицейлер Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің бірінші курс студенттерімен кездесті. Тәртіп сақшылары жастармен бекерден-бекер жүздесіп отырған жоқ. Үйде емес, түзде көп жүретін студенттер түрлі жағдайға тап болуы мүмкін. Мамандар келеңсіз жайттың алдын алу, білмей істеген қадамның жауапкершіліктен құтқармайтындығын қаперге салды. Пиротехникалық заттарды пайдалану тәртібі туралы айтқан да артық етпейді: сыртында жазылған нұсқаулықты қатаң ұстану керек, сертификатталмағанын пайдаланбау қажет. Ал пиротехниканы рұқсат етілмеген орында қолдану және тұрғындардың тынышын алғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады екен. Оны 16 жасқа дейінгі бала жандырса әке-шешесі жауапқа тартылады.
Еске сала кетейік, қазір облыста арнайы жедел-профилактикалық шараның екінші кезеңі өтіп жатыр.
Аталған бұйымдарды заңсыз сатуға қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылған.