Облыс аумағында 20 мың литр сыра тиелген жүк көлігі аударылып қалды. 63 жастағы қырғызстандық басқарған “Volvo” «Астана-Петропавл» республикалық маңызы бар тасжолымен келе жатқан. Шамамен 436-шы км-де – Ленинск ауылының тұсында жүргізуші рөлге ие бола алмай, кюветке шығып кетіп, бүк түскен. Көлікте 20 литр сыра болған. Рөлдегі адамның өзі аман, көлігіне механикалық зақым келген. Жолаушыға полиция қызметкерлері көмектесті. Мамандар тұрғындарға алыс сапарға шығарда алдын ала ауа райын біліп алып, жолда асықпау қажеттігін ескертеді.
Данаш Хамза