Қоғам

Биыл 10-нан астам қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық департаментіне Ақжар ауданында жобасын іске асырмақшы болған көкшетаулық тұрғын шағымданған. Ер адам мемлекеттік қызмет шеңберінде жобаланған жер учаскесінің координаттарымен келіспеген.

ДИНА АМРИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Департамент мамандары шағымды жан-жақты қарастырып, жоспардан тыс тексеру өткізді. Маңызды құжаттарға құқықтық талдау жүргізді.

Нәтижесінде департамент мамандары барлық мәліметті ретке келтірді. Қызметті алушыға жобаланатын жер учаскесіне сәйкестік актісі берілді.

ДИНА АМРИНА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Егер азаматтарда мемлекеттік қызмет алу барысында сұрақтар туындаса, департаментке Telegram бот арқылы арқылы және 36-01-62 телефоны арқылы қоңырау шала алады.

Жалпы, ағымдағы жылы департамент мамандары 10-нан астам қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

 

Мәдина Қаби