Басты алаң. Басты алаңда – бас шырша. Жаңа жыл нышаны биыл аса көрікті. Алаңға биіктігі 30 метрлік жасанды жасыл желек орнатылған. Бүкіл назар сонда. Шырша түрлі түсті ойыншықпен безендірілген. Қазір бірер сәттен кейін шамдары жанып, көркін одан бетер аша түседі. Алып шыршаның жағылуын тамашалауға халық көп жиылды. Әзірге, олар мекерелік іс-шараларды тамашалауда.
Мінекей, көптен күткен сәт жетті. Шыршаның шамдары жарқырап жанды.
Түрлі түсті сәуле шашқан шырша алыстан мен мұндалап тұр. Шараға өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысты. Петропавл басшысы тұрғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, толағай табыстар тіледі
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Құрметті жерлестер, Жаңа жылымыз құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылық әкелсін!
Тұрғындар да бір-бірін құттықтап мәз-мейрам болысты.
Мәдина Қаби