Облыс орталығында ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Алқалы жиында аға буын өкілдері өткен жылды қорытындылады. Қарттарымыз қол қусырып жатпай, аймақтың дамуына өз үлестерін қосуда. Өмірден көрген-түйгендері мол жандар биыл біраз шаруа тыңдырыпты. Осы ретте өңірде болған су тасқынын айтпай кетуге болмайды. Кеңес мүшелері апат кезінде еңбек еткен азаматтарға күн сайын ыстық тамақ апарған.
БЕЙБІТ ӘБІЛОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Облысымызда ешбір туысы жоқ, өзі жалғыз тұратын қарттардың саны өте көп. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тізім жасап, оларға көмек көрсетеміз.
Бүгіндері өңірімізде ардагерлер ұйымдарының құрамына 104 мыңнан астам адам кіреді. Оның 20 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Қуантарлық жайт, өткен бес жылда бастауыш ардагерлер ұйымдарының саны 569-ға дейін артқан. Осы мерзім аралығында кәсіпорындарда 100-ге жуық жаңа ұйым құрылды.
АНАТОЛИЙ КОРАБЕЛЬНИКОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
– Ардагерлер жастармен етене жақын араласулары қажет. Олардың өмірдің келеңсіз жақтарына бет бұрмай, адалдықты, адамгершілікті биік қойып, жақсы азамат болып өсуіне біз тілектеспіз. Ұл-қыздарға білген-түйгенімізді үйретіп, жарқын болашаққа жол көрсетуге тиіспіз.
Алқалы жиынның соңында Мемлекет басшысының 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан идеяларын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Айта кету керек, отырысқа облысымыздың әр ауданындағы ардагерлерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Нұрасыл Ахмет