Денсаулық сақтау

Ветеринарларға арналған семинар-тренинг

Құс тұмауы, бруцеллез, пастереллез бен Сібір жарасы. Қорада тұрған жануарлардың да түрлі ауруы бар. Олардың дендерінің саулығы – ветеринар мамандардың жіті бақылауында. Осы орайда мал дәрігерінің білікті болғаны абзал. Солтүстікқазақстандық ветеринарларға арналып семинар-тренинг өткізілді. Дәріс оқушы – БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы немесе ФАО өкілдері. Барлығы – 20-ға жуық маман қатысты. Тыңдаушыларға малды емдеуден бастап оны сояр алдында жүргізілуі тиіс шаралар туралы айтылды.

БАҒДАТ ЖАМУКОВ, ветеринарлық фельдшер, Шал ақын ауданы:

– Приишимское ауылдық округінің ветеринар-фельдшері болып 35 жыл істеп келемін. Біздің ауданда 13 мал дәрігері бар.

Бұдан кейін мал дәрігерлері мал соятын қосынға барды. Мұнда жануардан дұрыс сынама алу барысы көрсетілді.

ЕРБОЛ ҚАМСАЕВ, Қазақстандағы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жобасының ұлттық үйлестірушісі, Астана қаласы:

– Мүшелерді таныстырмас бұрын біз мамандармен далада тұрған тірі ірі қара малдан қан сынамасын алудың тәсілін көрсеттік.

Елордалық мамандар осы тренингпен Қостанай және Ақтөбе облыстарына барады.

 

Мәдина Қаби