Құқық қорғау органдарыЭкология

Полицейлер шырша саудалаушылардан 50-ге жуық бұзушылық анықтады

Қазір шыршаға деген сұраныс жоғары. Мамандар тарапынан Жаңа жыл мен дала көркіне деген қырағылық та артты. Өйткені, оны үйге әкеліп орнатамын, шырша сатамын дегендер заң талабын сақтамауы мүмкін. Оның алдын алу мақсатында полицейлер “Қарағай” шарасын өткізіп жатыр. Арнайы мобильді топтар құрылған. Мамандар бүгінге дейін шырша сататын 60 орынды тексеріп, 50-ге жуық бұзушылық анықтады. Басым бөлігі орынның саудаға арналмауына қатысты. Еске сала кетейік, өңірде сатылып жатқан шыршалардың барлығы Ресей жерінен әкелінген. Оларды саудалау үшін жергілікті атқарушы органнан тиісті құжат пен сауда аймағының иесімен келісім шарт жасалуы тиіс.

ӘМІРБЕК ТОҚҚОЖИН, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

– Облыста желтоқсанның 1-інен бастап қылқан жапырақты жасыл желекті қорғау мақсатында 16 стационарлық бекет пен 110 мобильді топ құрылған. Оның құрамына енген мамандар ҚР табиғат қорғау заңнамасының сақталуын жіті қадағалайды.

Әзірге, өңірде шыршаны заңсыз кесу фктісі тіркелген жоқ. Полицейлер мұндай жайт анықталған жағдайда мемлекетке келтірілген зиян көлемі 50 АЕК-тен аспаса, айыппұл салынады. Одан көп жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Данаш Хамза