Спорт

Петропавлда шайбалы хоккейден ел чемпионаты өтті

Петропавлда шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Мұнда Қазақстанның түрлі облыстарынан жиналған 5 команда өзара мықтыны анықтады.

Мұз айдынында – теріскейлік “Qulager” мен атыраулық “Beibarys” командалары. Жас хоккейшілердің кездесуі тартысты өтуде. Бір-біріне шайбаны ұрып, қақпаға гол соғуға асық. Бірақ, 1-ші периодта есеп ашылмады.

РАФАИЛ СИНГАТУЛЛИН, Қ.Байболов атындағы облыстық мамандандырылған БЖСМ жаттықтырушысы:

– Командалар 4 айналымнан 2 ойын ойнайды. Жарыс екі күн өтеді. Петропавлдық және атыраулық ойыншылар жайлы айтсақ, 1-ші периодта есеп ашылмаса, екіншісінде атыраулықтар гол соқты. Ақырғы есеп 5:3. Жерлестеріміз, өкінішке қарай, ұтылып қалды.

 

Мәдина Қаби