Білім

НЗМ-да жаратылыстану пәндерінен алғашқы қалалық олимпиада өтті

Білім додасына Петропавлдағы білім ұялары мен Бескөл мектебінен 30-дан астам оқушы қатысты. Олимпиада үш пән: химия, биология және географияға қатысты тапсырмаларды қамтыды. Мамандардың айтуынша
балалар өз білімдері мен дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, тиісті сертификаттар алған.

АЯЖАН ҒАБДУЛЛИНА, Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі:

– Олимпиада сәтті өтті. 34 бала қатысып, өздерінің жаратылыстану бағытындағы білімдерін көрсетті.

ЕРЖАН АҒБАЙ, әл-Фараби мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы:

– Маған химия мен биологиядан келген тапсырмалар қиын болған жоқ. Мысалы, химиялық есептерді мен пайыз арқылы шығардым. Маған өте ұнады.

 

Данаш Хамза