Ол Түмен қаласының тұрғынын қорқытып, оның көлігі мен ақша талап етті деп күдіктелген. Іздеуде жүрген адам ұсталып, ресейлік тәртіп сақшыларына табыс етілді. 11 айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді анықтап қолға түсірді. Оның 10-ын омбылық, 6-ауын қорғандық және 3-еуін түмендік мамандар іздеп жүрген екен. Теріскейлік полицейлердің айтуынша қос тараптың арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаған.
ИВАН ТЕРЗИДИ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:
– Солтүстікқазақстандық криминалдық полиция мен Ресей Федерациясы өңірлерінің ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жедел-анықтамалық, іздестіру мәліметтері және өзара маңызды өзге де ақпаратпен алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылады. Шекаралас ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс 1993 жылғы Құқықтық көмек туралы Минск Конвенциясына және 2008 жылғы РФ ІІМ мен ҚР ІІМ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілуде.
Данаш Хамза