Мәдениет

Қос театрдағы қайырымдылық шаралар

Жаңа жыл қарсаңындағы айрықша шара. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында қайырымдылық ертегісі қойылды. Шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектер шақырылды.

Қойылған ертегінің атауы – Чучуня. Дмитрий Голубецкийдің ертігісі негізінде құрылған спектакль Чучуня есімді қыздың Аяз атаның сыйлығын ұрлап, бұзықтық жасайтындығы жайлы.

Ол мыстан кемпірге, итіне, мысығына және өзіне сыйлық ұрлайды. Қу қызға тап болған Аяз ата балаларға берем деген бүкіл тарту-таралғысынан айырылады. Соңында бұзық қыз қателігін түсініп, ұрлаған дүниелерін қайтарып береді.

ДАРЬЯ ОТРАДНОВА, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы:

– Мен басты рөлде ойнаймын. Мен сомдаған қыз өте бұзық, бәріне зиянын тигізіп жүреді. Өзі бір тиышсыз. Екеуіміздің мінезімізден бір ұқсастық байқадым. Қойылымға 20-дан астам актер қатыстырылған. Балаларға ұнайды деген ойдамыз.

Облыстық қуыршақ театрында да қайырымдылық қойылымы болды. Тұсауы кесіліп жатқан жаңа қойылым “Новогодний бац” деп аталады. Бүгінгі сахна да сол тақырыпқа сәйкес безендірілген. Жарқын сахналық декорациялар, рөлдерін ерекше сомдаған актерлер. Балалар бүгін жаңажалдық ерекше көңіл күйге бөленді.

Театр группасы қойылымды жарты жыл дайындаған. Режиссері Алексей Васильевтің сөзінше бұл жай қарапайым ертегі емес, ерекше шоу болды дейді.

АЛЕКСЕЙ ВАСИЛЬЕВ, “Новогодний бац” қойылымының режиссері:

– Ертегінің мазмұны өте қызықты. Яғни, Мыстан кемпір Аяз атаға өз қалауын орындатқысы келеді. Бірақ, ол дұрыс тілек орындаудың жолын білмей, бәрін керісінше істеп алады. Кейін Мыстан кемпірдің өмірінде барлығы керісінше болып кетеді. Үлкен заттар кішірейіп, кішілері үлкейіп кетеді. Біздің қойған ертегіміз балаларға ұнады деген ойдамыз.

 

Мәдина Қаби