Балалар

Балаларға өрт қауіпсіздігі ертегі арқылы түсіндірілді

Өрт қауіпсіздігі ережелері балаларға бала тілімен жеткізілді. Есіл ауданындағы Ясновка ауылында Мәдениет үйінің өнерпаздары өртке қарсы күрес тақырыбында театрландырылған қойылым қойды. Қара сөзбен және өлеңмен жазылған жолдарда барлық қағида қамтылған: жаңажылдық кеште, жылыту маусымы кезінде, тұрмыстық жағдайда бала өзін қалай дұрыс ұстауы керек деген сұраққа жауаптар айтылды.
4-5 жас шамасындағы, одан да ересегі бар, барлығы – 90-нан астам жеткіншек ертегі кейіпкерлері – Шапоклякпен және Ақшақармен қызу әңгіме-дүкен құрды. Ойға қонымды тілмен жазылған қадамдар бала санасы үшін сіңімді болған сыңайлы. Кішкентай көрермендер өрт туындаған кезде қалай әрекет ету қажеттігін түсіндірген өрт сөндірушіге алғыстарын ду қол шапалақпен жеткізді.

 

Данаш Хамза